Діни тұрақтылық
Дүние жүзінде қанша ел болса, олардың бәрі де өз шама-шарықтарынша жағдайларын жақсартып, өзгелерді өзімен санастыра алатын іргелі мемлекет болудың қамын жасайды. Осы бағытта олар бір-бірімен бәсекеге түсе отырып, өз еселерін жібермеу үшін бір-бірімен ашық та астыртын күрес жүргізумен де болады. Осы жолда олар өз мүдделері үйлесетін одақтастар іздей отырып, оңтайы келсе кейбір әлсіз елдерді өздеріне тәуелді етіп алуға да тырысады. Осындай қатаң мүдделер қақтығысы жүріп жатқан жағдайда тұрақсыздық қауіпі бар мемлекет үшін жергілікті ұлт өкілдерінің әр-түрлі дін ұстанып, бір дін ішінде де түрлі топтарға жіктелгені мүлде тиімсіз. Мұндай мемлекеттегі жергілікті ұлт азаматтарының бір дін, бір мазхабқа біріккені оның ішкі тұрақтылығының басты бір кепілі болып табылады.
Әрбір дін мен оның тармақтарының тарихи тамыр жайған мемлекеттері бар екені белгілі. Және, ол мемлекеттер өзге мемлекеттермен жақындасудың, немесе оларға ықпал жүргізудің бар мүмкін тетіктерін пайдалануға тырысып бағады. Осындай маңызды тетіктердің бірі өзге елдердегі өз діндестері екені даусыз.
Егер ел ішіндегі өзге ұлт өкілдері өзге діндерді ұстанып жүрсе, бұл ешқандай да түсінбестік тудырмайтын қалыпты жай. Мұндай жағдайда түрлі дін өкілдері бір-біріне құрметпен қарап, өзара татулықты сақтауға тырысады. Сондықтан да мұндай қарым-қатынас мемлекеттердің де бір-бірімен жақындасуларына оңды ықпал етеді.
Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген









