Қазақстанның рухани дамуы — AQPAR.KZ ақпарат агенттігі

Қазақстанның рухани дамуы

178

Бүгінгі таңда зайырлылық Қазақстанның рухани дамуының кепілі болып табылады.
Атеизм мен зайырлылықты теңестіруге болмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы діни сенім бостандығына кепілдік береді.
Әлемдік тәжірибеде зайырлылық діннен бас тарту деп танылмайды. Мысалы, АҚШ – зайырлы мемлекет болғанымен, шенеуніктері, әскери қызметкерлері, куәгерлер Библиямен ант етеді. Ұлыбритания басшысы – королева Англикандық протестанттық шіркеу басы болып табылады. Германияда шіркеу салығын мемлекеттік салық қызметі жинайды. Зайырлылық дінді қоғам өмірінен шығарып тастамайды.
Зайырлылық пен руханият бір-біріне қайшы келмейді, себебі зайырлылық ұғымы – мемлекет басқару формасы, ал руханият – дін құраушысы. Зайырлы мемлекетте әртүрлі діни ағымдар өмір сүре алады, барлығына ортақ қағида – азаматтардың заңға бағынып, заң алдында тең болуы.
Ең бастысы, зайырлылықтың идеологиялық негізі жоқ, зайырлылық – дүниетанымдық бейтараптық пен басқару формасы. Егер де зайырлылықты дінге қыспақ жасау деп түсінсек, әлбетте зайырлылық пен руханият арасындағы байланысты түсінуде қиындықтар пайда болады.
Зайырлы, дін ұстанушы азаматтың бейнесі – ол ең алдымен заңға бағынған, өз халқының салт-дәстүріне құрмет көрсететін және діни радикалды деструктивті идеологияны қолдамайтын азамат.

Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

ПІКІР ЖАЗУ