Зымыраған уақытқа ілесер көреген басшы бар ма?

1222
Өткен шақта Шымкент қаласы облыс орталығы болып, идеологиялық жұмыстар барысында алдыңғы қатарда тұрды. Сол кездегі идеологияға жетекшілік еткен Ә.Бектаев, Б.Оспановтар, ішкі саясат басқармасын басқармасын басқарған Б.Жалмұрзаев, Б.Уәли, Г.Тағаевалар облыспен қоса Шымкент қаласының да идеологиясын нақты істерімен жолға қойған еді. Тынымсыз еңбектерімен өзіндік қолтаңба қалдырды.
Шымкент қаласы мегаполис болғалы, шынын айту керек бұрынғы өзге облыстардан оқ бойы озық тұрған идеология саласы өше бастады, жоқ өшті.
Алғашқы қала әкімі болған Ғ.Әбдірахымов та, одан кейінгі Е.Айтаханов та, қазіргі отырған М.Әйтенов те идеология саласына жете көңіл бөлмеді деуге болады. Ал, ішкі саясат басқармасына басшылыққа келген М.Базарқұлов, Ж.Бектаева, М.Манатбектер мардымды жұмысты атқара алмағанынан ел куә.
Идеология саласында еңбегі бар азаматтармен әңгіме өрбітіп, қазіргі идеология саласын сөз етіп қалсаң, қаланың ішкі саясатына басшылыққа келетіндер тек Президент Аппаратында адамы барлар ғана келеді деп шу ете қалады. Онысы да рас деп те ойлаймын. Кейбір бейресми ақпараттарға сүйенсек М.Мантбектің қолдаушылары үлкен лауазым иесінің кеңесшілері дейді. Ал, ішкі саясат басқармасының басшысы болу үшін тиісті конкурстан өтер-өтпес бұрын Президент Әкімшілігі келісім беру қажет.
Ауызында мәмілесі бар, креслоның буына масаңдамайтын, кезінде идеологияда ойып тұрып орын алған, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, саяси партиялар, зиялы қауым деген ұғымдарды жете білетін, сүйреушілері жоқ болғаннан кейін (мүмкін) жан-жақта жүрген нағыз жанашырлар басқарманың басшылығына келе алмайтыны анық.
Әрине, бюджеті 2 млрд-қа жуық басқармаға тек қыран құстай жоғарыдан көз тігіп, жақындарын қоюға талпынатындар да бар деген ой да жоқ емес. Қасқыр басшылар деген атқа ие болған небір марқасқа басшылар бүгінде зейнеткерлікке шыққаны бар, әзілдеп айтқанда, атылып кеткені бар, жұмыстан босатылып дегенім ғой, сырт көзге көріне бермейтін кішігірім жерлерде басшылықта жүр.
Шымкент қаласына әкім болып келген басшы бірінші кезекте ішкі саясат басқармасына нағыз мықты кадрларды әкелу қажет деп есептеймін. Басқарманы тек журналист басқарсын деген ойдан аулақ болған дұрыс. Көрдік журналист басқарғанын! Ең болмаса, саяси ысылған азаматтар басқарса. Идеологияны түсінетін басшы келсе. Себебі, негізгі идеологиялық жұмыстар ішкі саясат басқармасынан бастау алады. Пәленшенің адамы, түгеншенің тапсырмасы дегенді қою керек-ау. Олай дейтініміз, бүгінгі күнге дейін қаланың ішкі саясат басқармасына басшы болып келген лауазымды кісілер қоғамдағы ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің орнына, керісінше қоғамдық резонанс тудыратын іс-әрекеттер жасағанын көз көрді емес па?!
Өз ойым, қазіргі босап тұрған басқарма басшылығына сырттан әкелмеу керек. Бұрын осы жақта істеген деген ойды да тоқтату керек.
Ісімен де, ізімен де, кәсіби шеберлігімен де есті басшылар, кешегі А.Мамытбеков, А.Өсербаев, Г.Тағаева, Қ.Қалыбеков, Б.Жанәбіл, М.Кеуеновалар арасынан ішкі саясат басқармасының басшылық лауазымына келсе болмай ма? Неге сырттан іздейміз? Көріп жатырмыз ғой.
Қазіргі қала әкімі М.Айтеновтің де отырғанына біраз уақыт болды, лайым ұзақ отырсын, бірақ келіп-кететін әкімге қарап көп айтылатын нақыл сөз, «су ағады-тас қалады» дегендей мықты басшыны қою керек. М.Айтенов те кетеді. Жалпы ештеңе мәңгі емес. Мәңгі басшылықта жүрем дегендер «Тақ пен табыттың иесі жоқ» дегенді жете түсіну керек.
Қаламызға келген қонақтарға Шымқаламызды мақтап қалсаң, соңынан қаланың мәдениеті анау (у-шу парамен), ішкі саясаты мынау (дәулердің қолтығы мен қалтасы), басқармаларды тізіп айтатын мазаққа айналып барады. Өзгеге үйреншікті сөздер шығар, бірақ жүрегінде оты бар, қаланың шын жанашырлары шырылдап қоя береді.
Сондықтан, қала әкімі М.Айтенов ішкі саясат басқармасына басшыны тағайындауда жұрттар жеті өлшеп, бір кессе, Сіз мың ойланып, бір шешімге келіңіз. Бұл Сізге ақыл айтқандығым емес, жанашырлық танытыңыз. Сіз кетесіз, Шымкент қалады. Ұмытпағаныңыз жөн.
Қала жанашырлары Сіздер қалай ойлайсыздар?
Түйінді сөз: ой салу, қаламызға жанашыр болу.

ПІКІР ЖАЗУ