ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҮЙЫМ НЕМЕСЕ ТАНЫЛМАҒАН ҰШАТЫН НЫСАН
Азаматтарының пікірін тыңдай алатын мемлекет қана ең алдымен азаматтық қоғам қалыптастыра алады.
Бір кездері облыстық үкіметтік емес секторының жүрегі, қозғаушысы болған К. Т. Алипованы еске түсірмеу мүмкін емес. Оның басшылығымен ОҚО Азаматтық Альянсы облыстағы және қаладағы ауқымды іс-шараларға белсене қатысып қана қоймай, өңірдің саяси өмірінің айнасы бола білді. Сондай-ақ, ол Үкіметтік емес ұйымдардың негізгі бағыт-бағдары, компасы еді.
Бүгін біздің айтпағымыз шын мәнінде Шымкенттің азаматтық қоғамын қалыптастырушы ұйымдарға деген өкінішті пародия болмақ.
Мегаполис басшысы М.Айтеновпен өткен түсініксіз кездесу; аталған ұйымдардың қысқа мерзімді болашақта деген даму тұжырымдамасының әзірленбеуі, коронавирус бойынша ТЖ енгізу кезіндегі апатия және жұмыссыз қалған НПОшниктердің қаржылық жағдайына немқұрайды қарау; жаңа идеялардың жоқтығы бізді қатты алаңдатады.
Міне осының бәрі қаладағы Азаматтық Альянстың бүгінгі жай-күйінің толық көрінісі деп айтсақ қателеспейміз.
Бүгінде Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының маңдайшасы мен атауы және Президентінің креслосынан басқа ештеңе қалған жоқ.
Тек, үнсіздігіміз бен принципшіл емес екендігімізге ғана өкінеміз.
Елдегі төтенше жағдай кезінде бүгінгі Азаматтық Альянс жай ғана фикция немесе ТҰН (танылмаған ұшатын нысан – кім білмейді) екенін көрсетті.
Кез-келген дағдарыстан шығу үшін санада ребрендинг немесе балама болу керек.
Сөздің түйіні, ұйқы құшағындағы Азаматтық Альяныс секілді ұйымдардың орнына қоғамдық, саяси өмірдің шынайы жанашыры бола алатын әділетті ту еткен жаңа, жас ұйымдардың құрылғаны жөн деп санаймын.
Ұ. Маймақова









